Чартерлік корпоративтік сапарлар:

Компаниямыздың қызметінің ең негізгі бағыттарының бірі – чартерлік сапарларды ұйымдастыру және орындау болып табылады. Компаниямыздың есебіне әртүрлі ұшақ түрлері арқылы жер шарының түкпір-түкпіріне көптеген чартерлік әуе сапарларын ұйымдастыру кіреді.
Егер Сіздің компанияңызда қызметкерлердің көп санын симпозиумдар, конференциялар, көрмелер және өзге де корпоративтік іс-шараларды өткізуге қатысты сапарға ұшыру қажеттілігі туындаса– біз Сізге қуана-қуана көмектесеміз. Біз Сізге ыңғайлы кесте бойынша чартерлік сапар ұйымдастырамыз. Бізді таңдай отырып, Сіз ынтымақтастығымыздың барлық сатыларындағы жоғары сапалы сервиске және сенімді, әрі болашағы зор серіктеске ие боласыз.

VIP-чатер ұйымы:

Уақыт пен ыңғайлылықты бағалайсыз ба?
Бұл қызмет уақытты бағалап, жеке ыңғайлылықты ұнатып, өз қауіпсіздігін қадірлейтін клиенттерге арналған. Жеке ұшаққа тапсырыс беру Сізге өз бағытыңыз бен кестеңіз бойынша сапар жасауға және бортта толыққанды жұмыс істеп немесе демалуыңызға мүмкіндік береді.
Іскерлік авиация – заманмен бірге адымдайтындар үшін. Біз Сіздің жеке чартерлік сапарыңызды тапсырыс берген уақыттан бастап бірнеше сағат ішінде ұйымдастыруға дайынбыз.

Кез келгенкүрделiлiктiңжүктаситын чартерi:

Кез-келген салмақтағы жүктерді тасымалдау:
Әртүрлі күрделіліктегі жүк чартері, сонымен бірге халықаралық чартерлер, жылдам әрі заматта жүзеге асырылады. Бізбен жүкчартері тұрақты сапарлар кестесімен де, қолданыстағы әуе жолдарының бағыттарымен де шектелмейді.
Тапсырыскерлерімізге тек жүкті тасымалдау тапсырмасын беру жеткілікті, ал Трансавиа Сервис оны заматта жоғарғы кәсіпқойлықпен орындайды.